Ағымдағы  жылдың 13 ақпан күні  Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты  «Діни экстремизм  құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Шымкент қалалық «Біләл» мешітінің бас имамы ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Еркебұлан Қарақұлов Талдықорған қаласында орналасқан ЛА-155/16 түзеу  мекемесінде ведомствоаралық есепке алынған экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталған азаматтармен бір күндік  нүктелі оңалту жұмыстарын жүргізді.

А.ж Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р. Есдаулетов Талдықорған қаласында орналасқан  ЛА-155/16  уақытша ұстау изолятор мекемесінде ведомствоаралық есепке алынған экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталған азаматтармен кездесіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрімен әдеп ғұрпын дәріптеп, бүгінде жастарымыз дәстүрді дұрыс түсінбеуінің салдарынан осындай дұрыс емес идеологияның жетегіне еріп, өз өмірлеріне балта шауып жатқандықтарын түсіндіріп, алдағы уақытта бұндай қателікке жол бермей ұлттық сананы жаңғыту керек екенін кеңінен баяндап, жазасын өтеушілерге рухани серпін беріп, бостандыққа шығуға деген сенімдерін нықтап, оларға рухани жігер берді.

Орталықтың ағымдағы жылғы жұмыс жоспарында белгіленген «Араб тілі» (тәжуид ережелері, грамматика, құран сабақтары) бойынша курс жұмысы мақсатты контингенттер арасында бастау алды.

Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты  «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 27-30 қаңтар күндері

2019 жылдың 24 желтоқсан күні Талдықорған қаласы «Жастар» спорт кешенінде Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қатысуымен «Президенттік шырша» мерекесі аталып өтті.