28 маусым Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Ынтымағы жарасқан-Қазақстан» тақырыбында орталық мешітте әйел жамағаттары арасында шағын спорттық ойын түрлерінен облыстық спартакиада өтті. Жарыс барысында әйелдер шахмат, шашки ойындарынан бақ сынасты.

Жүлделі орын ие болған азаматшалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, көрермен әйел жамағаттарына діни кітаптар, «Исламдағы әйелдің жағдайы және құқықтары» тақырыбында кітапшалар таратылды.

er-98 (1).jpeg

er-98 (3).jpeg