27  маусым күні, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асыру мақсатында «Діни экстремизм құрбандары мен детсруктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» 2019 жылға арналаған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» тақырыбында ерлер жамағаттары арасында шағын футбол мен арқан тарту сынды спорттық ойын түрлерінен облыстық спартакиада өтті.

Аталған спорттық шараға ерлер жамағаты арасынан 4 команда («Аудандық орталық мешіт жамағаты» командасы, «Ақмешіт» жамағаты, Қырыққұдық ауылының «Жастар» командасы, Көктал ауылының «Көктал» командасы) қатысып, бақ сынасты.Ойын қорытындысы бойынша арқан тарту спорттық ойын түрінен 1-ші орынды «Аудандық орталық мешітінің жамағаты» командасы, 2-ші орынды «Ақмешіт жамағаты» командасы, 3-ші орынды Қырыққұдық ауылының «Жастар» командасы иеленсе, шағын футбол спорттық ойын түрінен 1-ші орынды Қырыққұдық ауылының «Жастар» командасы, 2-ші орынды «Ақмешіт жамағаты»  командасы және 3-ші орынды «аудандық орталық мешітінің жамағаты» командасы иеленді.Шара соңынан командаларға дәрежелі дипломдар мен арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

QWE-8 (1).JPG

QWE-8 (3).JPG

QWE-8 (4).JPG

QWE-8 (5).JPG

QWE-8 (2).JPG

QWE-8 (6).JPG

QWE-8 (7).JPG