Ағымдағы жылдың 2 маусым күні Қарасай ауданы Іргелі ауылдық мәдениет үйінде Алматы облысы дін істері басқармасының қолдауымен Қарасай ауданының «Түркістан-1» мешітінің ұжымы және Әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен  Қасиетті Рамазан айында жастарды имандылыққа, ұлттық құндылықтары мен рухани-танымдық жан дүниесін байыту мақсатында республикалық «Рамазан аруы-2019» байқауы өтті.

Байқауға республика бойынша әр аймақтан 14 қыз қатысты. Бәйге екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең, яғни іріктеу кезеңі наурыз айында өтті. Сол кезеңнен 14 қыз бала 2-ші кезеңге жолдама алды. Екінші кезеңде қыздар өздерін таныстырды, Мариям сүресін жатқа айтты (қазақша мағынасымен), қолөнерлерін көрсетті (аспаздық т.б.), «Дін-ғылымның атасы» атты ғылыми жобаларымен таныстырды, «Болашақ жар - аяулы ана» тақырыбында презентация көрсетті. Байқау соңында 3 жеңімпазға УМРА қажылығына  жолдама берілді және Алматы облысы дін істері басқармасының атынан қатысушы қыздарға діни тәлім-тәрбиелік кітаптар сыйға тартылды, ұйымдастырушы Қарасай ауданың мешіт жамағатына басқарма атынан алғыс хат берілді. Жолдаманы табыстау үшін Алматы облысы Алматы өңірі бойынша өкіл имам Қуаныш Наржанов арнайы келіп, байқау жеңімпаздарына сертификаттарын табыстады. Шараға 150 адам қатысты (аудандық қоғамдық, аналар кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, жастар т,б).

WhatsApp Image 2019-06-03 at 14.52.01.jpeg

WhatsApp Image 2019-06-03 at 14.52.32.jpeg

WhatsApp Image 2019-06-03 at 14.53.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-06-03 at 14.53.27 (1).jpeg

WhatsApp Image 2019-06-03 at 14.53.27.jpeg

WhatsApp Image 2019-06-03 at 14.53.28 (2).jpeg