Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы тарапынан сотталғандар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, қазақ елінің тарихындағы көрініс тапқан тарихи-мәдени ұлттық дәстүрді жаңғырту, сондай-ақ, түзеу мекемелерінде діни моральдық-климаттық жағдайды жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың

29 наурыз күні Қапшағай қаласы Заречный ауылында орналасқан ЛА-155/12 түзеу мекемесінде терроризм және экстремизм баптары және басқа да қылмыстық баптармен сотталған діндар азаматтар арасында 6 түрлі спорт ойындарынан (шағын-футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, гір көтеру, жеңіл атлетика) спартакиада ойындары өткізілді. Аталған шара жоғары деңгейде өткізіліп, оған жалпы саны 200-ден астам сотталған азаматтар белсене түрде атсалысты. Іс-шараға арнайы ҚМДБ өкілдері, ҚАЖ департаменті және БАҚ өкілдері қатысты. Спартакиада ойындардан ерекшеленіп, жеңімпаз аталғандарға арнайы жүлделі сыйлықтар, кубоктар мен грамоталар берілді

2B4A0028.JPG

2B4A0038.JPG

2B4A0060.JPG

2B4A0074.JPG

2B4A0100.JPG

2B4A0108.JPG

2B4A0269.JPG

2B4A0305.JPG

2B4A0329.JPG