Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ «Діни экстремизм мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ мен «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының» Алматы өңірі өкілдігінің Жамбыл ауданы орталық «Шынасыл» мешітімен

бірлесе ағымдағы жылдың 28 наурыз күні «Үлгілі жар, үлгілі келін және үлгілі ана» атты Наурыз мейрамына орай әйел жамағаттары арасында байқау өтті. Аталмыш байқау 5 кезеңді құрады: өзін-өзі таныстыру, «Дұға мұсылман қорғаны» (Құран Кәрімнен соңғы 100 сүреден бастап 114 сүреге дейін дайындалу), «Білгенге маржан» (бала тәрбиесіне қатысты риуаят келтіру), «Діңгегі дінмен өрілген салт-дәстүрім» (қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету), «Нан-тағамның асылы» (қолөнер және ұлттық тағам түрлерін әзірлеп қорғау). Байқауға Алматы облысы Жамбыл аудандық әжелер төрайымы Кемелбекова Күміс Бармашовна, «Шынасыл» мешітінің ұстазы Бағдал Ардақ, әйелдер аудиторияларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы Жазылбекова Алия Бауыржанқызы төрағалық етті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Жомартова Сүмбілшаш ұтып алды. Және де бірінші дәрежелі орынды Қалибек Жайдар, екінші дәрежелі орынды Солтамұрат Кенжегүл, үшінші дәрежелі орынды Жылкелді Ақниет иеленді. Жеңімпаздарға диспенсер, қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш, тігін машинасы сыйланды. Сонымен қатар «Үлгілі ана», «Үлгілі жар», «Үлгілі келін», «Көрермен көзайымы» номинацияларында ынталандыру сыйлықтары табысталды және көрермендерге діни тәрбиелік мәні бар кітаптар таратылды. Шара соңында қатысушылар және көрермендер ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді. Шара барысында 70 әйел жамағаты қамтылды.

2B4A0003.JPG

2B4A0031.JPG

2B4A0039.JPG

2B4A0045.JPG

2B4A0069.JPG

2B4A0078.JPG

2B4A0083.JPG