Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында аудандық кітапханада «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ-нің іс-шара жоспарына сәйкес «Теріс ағым жетегінен сақтан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға    Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Жалпы және қолданбалы психология кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушысы, Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейтнұр Жарас Сейтнұрұлы және «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ-нің директордың орынбасары Қазыкенов Даулет Серікұлы, психологиялық коррекция және әлеуметтік бейімдеу бөлімінің бастығы Узакбаева Лаура Ерғалиқызы, Алматы өңірі бойынша сектор меңгерушісі Ашимхан Медет Шаяхметұлы қатысты.Аталған шараны «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай ауданы бойынша инспектор-теолог маманы – Жадрин Бауыржан Бейбітжанұлы жүргізді. Жиынға белсенді жастар мен ауылдық округ, аудандық психолог мамандары қатыстырылды. Шараға қатысушылар өздерінің өзекті сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алынды. Жалпы 65 адам қамтылды.

STA_7023.JPG

STD_7027.JPG

STC_7035.JPG

STC_7008.JPG

STA_7053.JPG