Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді демекші әйел затының қоғамдағы орны ерекше. Қазіргі таңда үйдің де түздің де жұмысын қолға алған асыл аналарымыз рухани қолдауға мұқтаж.

       Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы дін істер басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6-шы қазан күні Талдықорған қаласы «Иман» мешітінде деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендер мен діндар әйел жамағаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша «Әйел даналығы-рухани құндылықтың алтын арқауы» тақырыбында бір күндік кешенді семинар-тренинг  өтті.

    "Алматы облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Діни экстремизм мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы" КММ-нің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айында 24-25 күндері аралығында  Іле  ауданы  мен  Жамбыл аудандарында психологтарға арналған "Діни радикализмнің психологиялық мәселелері" тақырыбында семинар-тренинг өтті

Ағымдағы жылдың 27 – ші қыркүйегінде Алматы облысының дін істер басқармасына қарасты «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ Іле ауданы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзеу мекемесінде «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты жазғы  IІ-спартакиада ойындарының жабылу салтанатын жоғары деңгейде өткізді.

Алматы облысы дін істері басқармасының «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан сотталғандар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын дәріптеу, патриоттық сезімді қалыптастыру, қазақ елінің тарихындағы көрініс тапқан тарихи-мәдени ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, сондай-ақ, түзеу мекемелерінде діни моральдық-климаттық жағдайды жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Қапшағай қаласы Заречный ауылында орналасқан  ЛА-155/14 түзеу мекемесінде IV - облыстық жазғы спартакиаданың жабылу салтанаты ұйымдастырылды.