reabilmobil

РЕРЕАМОБИЛЬ – ақпараттық-түсіндіру, нүктелі оңалту және психологиялық коррекция жұмыстарын облыстың кез келген жерінде көшпелі форматта тиімді ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған көлік.
Оңалту шараларын жүйелі жүргізу үшін РеРеамобилде ыңғайлы, адам өзін еркін сезінетіндей жағдай жасалған. Көлік мультимедиялық құрылғылармен, жұмыс үстелімен және таратпа материалдар салатын сөрелермен жабдықталған.
РеРеамобилдің негізгі артықшылықтары:
1) Облыстағы дін саласына қатысты мәселелерге жедел жауап қайтару мүмкіндігі;
2) Облыстың кез-келген нүктесіне, шалғайдағы аудандарға және шекаралық аймаққа шұғыл келіп жету;
3) Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қамту аймағының кеңейуі;
4) Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын халық көп шоғырланған мекендерде (алаңдар, саябақтар, базарлар), ғибадатханалар территориясында, түзеу мекемелерінде, әскери бөлімшелерде және ТТО объектілерінде өткізу мүмкіндігі;
5) Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ықпалынан зардап шеккендермен оңтайлы түрде жеке оңалту жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі.