1. Жалпы ережелер 

1. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) өңірлік деңгейде оңалту шараларын ұйымдастыруға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

КММ қызметінің мақсаты халық арасында толеранттықты және діни экстремизм көріністеріне төзімсіздік сананы қалыптастыру, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ықпалынан зардап шеккендерге теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету. КММ мемлекеттік құрылымдармен, құқық қорғау органдарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, талдау орталықтарымен, қоғамдық бірлестіктермен, орта, арнайы-орта және жоғарғы оқу орындарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және басқа мекемелермен әрекеттеседі.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. КММ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Конституциясына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, сондай-ақ Ережеге сәйкес іске асырылады.
4. КММ құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып, табылады (бұдан әрі – құрылтайшы).

Құрылтайшы құжаттар оның құрылуы туралы акт және осы Қағидалар болып табылады.
5. КММ уәкілетті органы «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

КММ қатысты коммуналдық меншік құқығындағы субьекті қызметтеріне Алматы облысының әкімдігі іске асырады.
6. КММ жергілікті бюджеттен қаржыландырады, жылдық шығындар сметасы (жоспар) бар, заңды тұлға мәртебесіне ие бейкоммерциялық ұйым болып табылады, белгіленген тәртіпте бекітілген штаттық саны бар.
7. КММ толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Центр по реабилитации жертв религиозного экстремизма и приверженцев деструктивных культов» государственного учреждения «Управление по делам религий Алматинской области».
8. КММ заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 13А, индекс 040000.

2. КММ заңдық мәртебесі

9. КММ мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
10. КММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
11. КММ басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
12. КММ өзінің міндеттемлері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік облыстық бюджет қаражатымен субсидия аралық жауапты болады.
13. КММ азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркегеннен кейін күшіне енеді.

3. КММ қызметінің тәртібі мен мақсаттары

14. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың конфессияаралық келісімді нығайтудағы және деструктивті идеология мен экстремизм көріністеріне қарсы бірлескен тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету КММ қызметінің мәні болып табылады.
15. КММ қызметінің мақсаты – тұрғындар арасында толеранттық және діни экстремизм көріністеріне төзімсіздік санасын қалыптастыру.

16.1. діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларына теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету;
16.2. Радикалды және деструктивті діни идеология ұстанушыларымен нүктелі ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізу;
16.3. Радикалды және деструктивті діни ағымдардың ықпалына шалдыққандармен психологиялық коррекция және қоғамға қайта бейімдеу шараларын үйлестіру;
16.4. Діни себептермен екпеден, қан құюдан, білім беру мекемелерінде бірыңғай киім киюден, әскери борыштан және тағы сол сияқты зайырлы
мемлекеттің ұстанымдарынан бас тартқандармен нүктелі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
16.5. Орталықтың «8-800-080-2895» сенім телефонына келіп түскен қоңырауларға кеңесшілік қызмет көрсету;
16.6. ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде экстремистік және террористік қылмыстары үшін жазаларын өтеп жатқан және өтеп шыққан азаматтармен ақпараттық-түсіндіру, оңалту, сондай-ақ қоғамға қайта бейімдеу жұмыстарын жүргізу.
17.1. Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
17.2. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле жергілікті атқарушы органының, мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын органның, облыстық коммуналдық меншікті билік жүргізуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органның немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
18. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. КММ басқару

19. КММ жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
20. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі
заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді іске асырады:
20.1. мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
20.2. мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
20.3. мекеме ережесін бекітеді, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
20.4. мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды.
20.5. мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
20.6. мемлекеттік органның құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
20.7. мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
20.8. жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
20.9. облыстық коммуналдық меншікті билік жүргізуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің
нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюа немесе қайта бөлуге келісімін береді.
20.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21. КММ басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
22. КММ басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
23. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекемесінің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
24. КММ қызметі жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
25.1. КММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
25.2 мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда КММ мүддесін білдіреді;
25.3 шарттар жасатады;
25.4 сенімхаттар береді;
25.5 КММ іс-сапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарын бекітеді;
25.6. банк шоттарын ашады;
25.7. барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
25.8. уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
25.9. КММ қызметкерлеріне, заңнамаға сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
25.10. өз орынбасарының (орынбасарларының) және КММ басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды.
25.11. оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. КММ мүлкінің пайда болу тәртібі

26. КММ мүлкінің бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
КММ мүлкі келесілер есебінен қалыптасады:
26.1. оған меншік иесі берген мүлік;
26.2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады;
26.3. КММ дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иелік етуге құқығы жоқ.
27. КММ қызметі облыстық бюджет есебінен қаржыландырады.
28. КММ бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
29. КММ қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқару органымен жүзеге асырылады.

6. КММ жұмыс тәртібі

30. КММ жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 

31. КММ құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгіу
құрылтайшымен жүзеге асырылады.
32. КММ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен
толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес
тіркеледі.

8. КММ қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

33. КММ қайта құру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.